(без названия)

Параспортшылар жайлы «Ерекше» фильмі жарыққа шықты

Елордада жаңа туындының тұсауы кесілді. Туындының жанры да, атауы да ерекше. Картина Қазақстан бочча федерациясының қолдауымен және серіктестердің демеуімен түсірілген. Жоба ерекше спортшылардың қалай өмір сүріп, немен айналысатынын көрсету мақсатында жүзеге асқан. Фильмдегі басты рөлдерді Жасұлан Көпберген, Ақерке Назарбекова және Расул Бауыржан сомдады. Кәсіби актерлермен қатар боччамен айналысатын параспортшылар да өнер көрсетті. Алдын ала көрсетілімге Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары қатысты. Фильмді 19 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалай аласыздар. Айта кетейік, Kinopark кинотеатрлар желісіндегі фильм прокатынан түскен барлық қаражат мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал