Ұлттық қауіпсіздік комитетінен қашпақ болған Түркістан облысының полицейі Самат Нұрғалиевке қатысты сот үкімі шықты.
Созақ ауданы полиция бөлімінің тәртіп сақшысы жергілікті тұрғыннан пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Жедел уәкіл тіркелмеген аңшылық мылтықты тәркілегеннен кейін тұрғынды қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге көлемінде сыйақы алды деген күдікке ілінді. Алайда пара алу бабымен басталған қылмыстық іс алаяқтық бабына ауысты. Себебі қылмыстық жауапкершіліктен босату жедел уәкілдің құзіреттілігіне кірмейді. Мемлекеттік айыптаушы күдіктіге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бірақ Созақ ауданының соты экс-полицейге алған пара сомасының 20 еселенген айыппұл төлеуді талап етті. Алайда, бұрынғы тәртіп сақшысы уақытша ұстау изоляторында болған әр күні 4 АЕК-пен есептеліп, оған түпкілікті 1 млн 900 мың теңге айыппұл салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.