(без названия)

Қарағандыда қарттарды қармағына түсірген алаяқтар ұсталды

Қарағандыда қарттарды алдап қармағына түсірген алаяқтар ұсталды. Қазіргі таңда олардың схемасынан зардап шеккен 9 адам анықталды. Телефон арқылы қоңырау шалған олар өздерін ұлымыз деп таныстырып, «бір сәлемдеме келеді, оны алу үшін 320 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақша төлеу керек» деп айтқан. Сеніп қалған қариялар жинаған ақшаларын еш күмәнсіз беріп отырған. Тек 90 жастағы Қарағанды тұрғыны ғана курьер кеткеннен кейін күдіктеніп, бірден 102 нөміріне хабарласқан. Нәтижесінде, курьер ұсталып, кейін оның сыбайластары да қамалды Барлығы – төрт адам. Жәбірленушілер курьерлерді және телефон арқылы хабарласқан адамды дауысынан таныған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал