Атырау облысындағы полигонда сарбаздың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. «Қарабатан» оқу-жаттығу алаңында жоспарлы дайындық кезінде жауынгер күтпеген жерден оқ жарақатын алған. Батыс өңірлік әскери қолбасшылығының сарбазы шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, жараланған сарбаздың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта Атырау гарнизонының баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр.
АТЫРАУ ГОРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«ҚР Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. Аталған дерек бойынша Ішкі істер Министрлігінің Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы ҚР Бас әскери прокуратурасының бақылауына алынды».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.