(без названия)

«12 наурыздан бастап камералар жаяу жүргіншілерді аңдиды» деген ақпарат – фейк

Әлеуметтік желіде тараған «12 наурыздан бастап камералар жаяу жүргіншілерді аңдиды» деген ақпарат – фейк. Ішкі істер министрлігі бұл қауесетті ресми түрде теріске шығарды.Талап сол қалпы, бірақ бақылау «ақылды» бола түсті. Енді еліміздің жолдарында ереже бұзуды тіркеудің мүлдем жаңа, жоғары технологиялық тәсілі іске қосылды. Жаңа автоматтандырылған жүйе мен интеллектуалды камералар енді қырағы. Көлік тізгінінде отырып телефон шұқыласаңыз, камера оны қалт жібермейді. Қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз жүйе жоғары дәлдікпен әрі секунд ішінде тіркеп үлгереді. Жаяу жүргіншілер үшін бұл камералардың ешқандай қатысы жоқ. Бұл жолдағы жауапсыз жүргізушілерге бағытталған.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Негізгі мақсат – заманауи техникалық шешімдерді қолдану арқылы жол қауіпсіздігін арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу тиімділігін күшейту. Маңыздысы, жаңадан тыйымдар енгізілмейді. Тек бұрыннан бар құқықбұзушылықтарды анықтаудың техникалық мүмкіндіктері кеңейтіледі. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында таралған автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал