Жеті айдан астам уақыт бойы дайындалып, пысықталған Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы. Жаңа Ата заңды әзірлеуге мыңдаған адам қатысты. Сондықтан жаңа Конституция еліміз үшін берекелі құжат болады деп сенемін. Астанада өткен Жалпыұлттық коалициясының отырысында Мемлекеттік кеңесші осылай деді. Ерлан Қарин референдум өткізілетін күнді Жаңару күні деп, оның тарихи маңызын ерекше атап өтті.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
— Түбінде жаңа Конституция қолдаушыларды да, күмән келтіре қараушыларды да бірдей қорғап, тең кепілдік береді. Бір азаматымыз әлемнің бір шетінде қиын жағдайға ұшыраса, мемлекет оны жалғыз қалдырмайды. «Әр қазағым – жалғызым» деген ұлттық ұранымыз енді «Әр азамат – басты құндылық» деген конституциялық қағидатқа айналды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.