(без названия)

Жаңа Конституцияда жеке деректерді қорғау мен цифрлық гигиенаны сақтауға мән берілген

Қазір цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қорғау және цифрлық гигиенаны сақтау ерекше маңызды. Бұл мәселелер жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан. Қазақстандықтар уақыт талабына сай дамып келеді, ал мемлекет азаматтардың жеке деректерінің қорғалуына кепілдік береді. Сарапшылардың айтуынша, Конституциялық комиссия барлық ұсынысты мұқият зерделеп, қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударған.
ЖАНАР ТӨЛЕНДИНОВА, САЯСАТТАНУШЫ, ҚСЗИ МЕДИАЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бұл – цифрлық ортада жеке деректі қорғау. Бұрын мұндай норма болған жоқ. Конституциялық заң жобасында бұл мәселе қабылданса барлық заң мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық акті де сәйкестендіріледі. Конституцияда бекітілген қағидатқа қайшы келмеуі тиіс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал