Қонаев қаласында 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, 3 D визуалды бейнелер жасады. Орталық алаңға жиналған тұрғындар Қазақстан картасын, ұлттық құндылықтарды айшықтайтын шаңырақ, көктем мен жаңарудың нышаны – қызғалдақ гүлі мен «Наурыз құтты болсын!» деген мерекелік жазуларды қызықтап, ерекше әсерге бөленді. Сондай-ақ көкте «15 наурыз – референдум», «Жаңа Конституция» деген жазулар мен дауыс беру белгісі көрініс тауып, алдағы саяси науқанның маңызы жеткізілді. Бұл көріністі 5 мыңнан астам көрермен тамашалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.