(без названия)

Қарағандыда Chevrolet Cobalt көлігі бағанаға соғылып, күл-талқаны шықты | 13.03.2026

ҚАРАБАТАНДАҒЫ ҚАЗА
Қарабатандағы қайғылы жағдай. Атырау облысындағы оқу-жаттығу полигонында оқ тиген 21 жастағы сарбаз қаза тапты. Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қайғылы жағдайға не себеп?

ПОЛИЦЕЙГЕ ҮКІМ ШЫҚТЫ
Түркістан облысы Созақ ауданында 200 мың теңге парамен ұсталған жедел уәкілдің ісі аяқталды. Сот «сыйақы» көлемін 20 еселеп қайтаруды үкім етті. Тәртіп сақшысы мемлекетке қанша миллион төлейді?

ТАЯУ ШЫҒЫСТАН ҚАЙТАРЫЛДЫ
Израильдің Шиба клиникасында тағылымдамадан өтіп жатқан жеті қазақстандық дәрігер дәрісті кілт тоқтатуға мәжбүр болды. Оларды қақтығыс ошағынан еліміздің Сыртқы істер министрлігі арнайы операция арқылы қайтарды.

ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН КҮРЕС
Онкологиямен күрес. Қарағандылық дәрігерлер енді қатерлі ісікті шетелге шықпай-ақ, әлемдік деңгейде емдей алады. Сау ағзаға тимей, ісікті нысаналы жоятын технология кімдерге қолжетімді?

НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ
Елімізде мерекелік онкүндік пен жаппай жеңілдік науқаны басталды. Ақтөбеде 600 адам «Қамажай» биімен Амал мерекесін қарсы алса, Астана тұрғындары алтыбақан теуіп, ұлттық ойынға дайындалып жатыр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал