(без названия)

Жаңа Конституция бойынша референдум: 12,4 млн азамат дауыс беруге құқылы

Бүгін жаңа Конституция бойынша референдум. Саяси науқан дәстүрлі түрде, бюллетенмен дауыс беру арқылы жүргізіледі. Айта кетейік, республика бойыншf 10 мың 658 референдум учаскесі жасақталған. Онда 71 мың 30 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Елде жалпы дауыс беруге құқылы 12 млн 461 мың 796 азамат тіркелген. Астана және Алматы қалалары мен Түркістан және Алматы облыстарындағы дауыс беруші саны 1 миллионнан асады. Ең аз дауыс беруші Ұлытау облысында. Бұл аймақта 136 мың 447 азамаn дауыс беру құқына ие.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал