Елордада 500-ден астам учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Науқанға 4 мыңнан астам маман тартылды. Олардың барлығы арнайы курстан өтіп, тест тапсырды. Дауыс беруге құқылы бір миллионнан астам адам бар. Ал жастар арасында дауыс беру құқығына ие 100 мыңға студент тіркелген. Сонымен қатар мүгедектігі бар 6 мыңға жуық адамның таңдау жасауына мүмкіндік жасалды. Мысалы Брайль қарпі бар арнайы трафареттер дайындалған. Қажетті компьютер, үлкейткіш лупа және қосымша жарықпен жабдықталған ақпараттық бұрыштар бар.
Мамандардың айтуынша, республикалық референдум барысында сақталуға тиісті заң ережелері де бар. Оны әрбір азамат білуі қажет.
ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
— Құпия дауыс беру деген принцип бар. Бұл Конституцияда жазылған. Әр азамат өзі барып, дауысын беруі керек. Яғни туысына, досына өз орнына дауыс беру құқығын бере алмайды.
Аумақтық комиссия өкілдері дауыс беру тек тіркелген мекенжай бойынша өтетінін ескертеді. Ал тіркеуі жоқ азаматтар үшін арнайы шағын ХҚКО-лар ұйымдастырылған. Астананың әр ауданында бесеуден бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.