(без названия)

Референдумды 38 мемлекеттен келген халықаралық байқаушылар бақылауда

Республикалық референдумның өту барысын тиісті мамандардан бөлек, халықаралық байқаушылар да бақылайды. Орталық референдум комиссиясының дерегінше, 38 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушы аккредиттеуден өтті. Бүгін 68 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы, 185 журналист жұмыс істейді. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірқатар елде шетелдегі 11 сайлау учаскесінің қызметі уақытша тоқтатылды.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал