(без названия)

СҚО-да Ұлттық ұлан өкілдері дауыс берді

Еліміздің солтүстігінде де учаскелер өз жұмысын бастады. Петропавлда таңмен таласа тұрған әскерилер таңдау жасап жатыр. 15 наурыз еліміз үшін елеулі күн болғандықтан, темірдей тәртіпке үйренген курсанттар белсенділік танытуда. Қазір осы өңірдегі тілшіміз- Ұлттық Ұлан академиясында орналасқан учаскеден тікелей байланысқа шығып тұр.
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, ТІЛШІ:
-Оксана, қайырлы таң. Арма ағайын. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясы, яғни болашақ офицерлерді даярлайтын жалғыз оқу ордасы. № 655 референдум учаскесі осында орналасқан. Мұнда 600-ге жуық адам тіркелген. Дауыс беру орны ашыла салысымен курсанттар азаматтық борышын өтеуге асығуда. 15 наурыз бұл жерде білім алып жүрген 100-ге жуық азамат үшін ерекше күн ретінде есте қалмақ, Себебі бұл сардарлар тұңғыш рет саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Араларында туған күн иесі де бар екен. Ол – Мағжан Әмірханов деген азамат.
-Мағжан, туған күнің бүгінгі референдум күніне келуі көңіл-күйіңізге әсер етті ме?
МАҒЖАН ӘМІРХАНОВ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:
-Бүгін мен үшін ерекше күн – 20 жасқа толдым. Көңіл күйім өте жақсы. Туған күнімді өзім білім алып жатқан оқу ордасында қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұйыртса, оқуымды аяқтаған соң еліміздің Ұлттық ұланы сапында офицер болып қызмет еткім келеді. Өйткені Отан тыныштығын күзету – әрбір ер азаматтың азаматтық парызы. Сонымен қатар мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде мен үшін маңызды қадам.
Жалпы өңірде 581 учаске бар. Оның 13-і жабық учаске.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал