Шымкенттегі тілшіміз Гүлдана Сейдрасул да дәл қазір сайлаушылардың ортасында. Ол жақтағы саяси науқан күні қалай басталғанын айтып беруге дайын. Гүлдана, сіз тікелей эфирдесіз.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Шымкент қаласы бойынша 369 референдум учаскесі ашылды. Жалпы өңірде референдумға қатысу құқығына ие 695 мың 145 сайлаушы тіркелген. Қазір біз тұрған учаскеде дауыс беру процесі жаңа ғана басталды. Таңғы уақытқа қарамастан, алғашқы тұрғындар келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатыр. Учаскелік комиссия мүшелері мен бақылаушылар да жұмысқа кірісті. Қаладағы көптеген учаскеде алғаш болып дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Айта кету керек, учаскелерде барлық қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қажетті жабдықтар қарастырылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.