(без названия)

БҚО-да саяси науқан қыза бастады

Еліміздің батысында да саяси науқан қыза бастады. Оралдағы меншікті тілшіміз Ақболат Мұстажапұлы бізбен тікелей байланысқа шықты.
-Ақболат, қайырлы таң, батыс жұртының көңіл-күйі қалай?
АҚБОЛАТ МҰСТАЖАПҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Қайырлы таң. Бүгін еліміздің батыс өңірінде де референдум басталды. Облыста 446 391 адам дауыс беру құқығына ие болса, солардың 237 532-сі Орал қаласының тұрғындары. Біз қазір қаладағы №268 учаскеге келдік. Таң жаңа атса да, тұрғындардың алды учаскелерге келе бастады.
АЛТЫНГҮЛ ҚАЙЫРЛИЕВА, №268 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
-Учаскеде тіркелген дауыс берушілердің саны – 1561. Үш адам іссапарға және отбасылық жағдайына байланысты есептен шығару куәлігін алды. Сонымен қатар осы 1561 адамның ішінде үшеуі мүмкіндігі шектеулі тұлғалар. Үйлерінен дауыс береді.
АҚБОЛАТ МҰСТАЖАПҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Референдум комиссияларының жалпы саны – 503. Ал, комиссия мүшелерінің жалпы саны – 3215. Облыста 23 қоғамдық бірлестік референдумның өту барысын байқаушы ретінде тіркеуден өткен.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал