(без названия)

Елорда тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысуда

Еліміздің бас қаласы елордада қанша сайлау учаскесі бар, мұндағы дауыс беруші саны қанша? Астана тұрғындары саяси науқанға қаншалықты белсенді қатысып жатыр? Әріптесім Инара Барсақбаева- шаһардағы референдум учаскесінде.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Мен қазір Астанадағы ұлттық мұражайда орналасқан 282 сайлау учаскесіндемін. Мұнда ерекше атмосфера сезіледі. Таңғы сағат жетіден бастап тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Көпшілік көтеріңкі көңіл-күйде. Бұл да болса халықтың бүгінгі маңызды саяси науқанға деген жауапкершілігі мен құрметін аңғартқандай. Комиссия мүшелерінің айтуынша, таңғы сағат жетіден осы уақытқа дейін шамамен 100 ден аса азамат келіп, дауыс беріп үлгерген. Әсіресе, үлкендер де, жастар да азаматтық борыштарын орындауға асығып жатқанын байқауға болады.
Бұл сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беруге келген азаматтарды жағымды тосынсый күтіп тұр. Бүгінге дейін алғаш дауыс берген 18 жастағы бірнеше тұрғынға тәтті шоколадтар табысталып үлгерген. Айта кетейін, біз тұрған сайлау учаскесіне жалпы саны 2895 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта дауыс беру процесі заң талаптарына толық сай, тыныш әрі қалыпты жағдайда өтіп жатыр.Учаскеге келушілердің қарасы да біртіндеп көбейіп келеді.. Алдағы сағаттарда дауыс беру барысы туралы қосымша ақпараттарды сіздерге міндетті түрде жеткізіп отырамыз.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал