(без названия)

Шымкент тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

Кейбір учаскеде бір әулеттің төрт ұрпағы қатар дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Тағы бір учаскелерде ұлттық ойындар, флешмобтар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Шымкенттіктер референдумға белсенді қатысып жатыр. Тұрғындармен бірге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те жаңа Конституция жобасына қатысты өз таңдауын жасады. Сонымен қатар №160 сайлау учаскесіне ақ жаулықты әжелер келіндерімен бірге келіп, дауыс берді. Ал тағы бір учаскеде 72 жастағы әже балалары, немерелері және шөберелерімен бірге келіп, таңдау жасады. Осылайша, референдумға бір әулеттің төрт ұрпағы қатар қатысып, азаматтық белсенділік үлгісін көрсетті. Жалпы қаладағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың қарасы көп. Таңнан бастап келіп жатқан шымкенттіктер референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, өз пікірлерін білдіріп жатыр.
ТАЛИҒА ТӨЛЕПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Заңымыз бен өзгерістерді қолдай отырып, мен өзімнің құрбы-құрдас, замандастарыммен бірге және өкшелес, ізімізден келе жатқан келіндерімді ерте келдім.
ЫНТЫЗАР АЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен бүгін немерелерімді ертіп, халқыма, жастарға деген үлесімді қосайын, еліміз жарқын болсын, аман болсын, жастардың болашағы аман болсын деп өзімнің пікірімді өзімнің ойымды білдіруге келіп отырмын.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
Сондай-ақ бірқатар референдум учаскелерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мәселен мен тұрған учаскеде келушілер үшін ұлттық спорт ойындарынан келушілер арасында жарыс өтіп жатыр. Ұлттық тағамдар дайындаудан арнайы конкурстар да ұйымдастырылған. Одан бөлек, қала аумағында бірнеше жерде жастар арасында көңілді флешмоб өтіп, мерекелік атмосфера қалыптастырып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #референдум #референдум2026