(без названия)

Ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр.

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында тұрғындар референдумға белсенді қатысып жатыр. Учаскеге келгендерді ата-әжелерден құралған ансамбль әнмен қарсы алып, мерекелік көңіл күй қалыптастырған. Аймақтағы бірлік пен ұйымшылдықты әріптесім Самат Қайырденұлы көріп келді.
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Қайырлы күн Ғани. Қазір мен сан ұлтқа саялы мекен болған, ынтымақпен бірлігі бекем болған, достықты ту еткен тірлігін түлеткен ауыл Бескөлде тұрмын. Аталған ауыл облыс орталығынан небәрі 10 шақырымнан астам жерде орналасқан. Ауылдағы ағайын күнделікті тірлігін бір мезетке ысырып қойып, учаскелерге ағылып жатқанын байқадым. Әсіресе, аға буын өкілдері: «Елде референдум өтіп жатқанда үйде көсіліп жата алмадық», — дейді. Жалпы қазіргі таңда Бескөлде 12 мыңнан астам халық тұрады. Ең бастысы, тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі. Учаскеге келгендерді ата-әжелерден құралған ансамбль әнмен күтіп алып, концерттік бағдарлама ұйымдастыруда.
РОЗА АХМЕТОВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бүгін осы референдумға ұйқым келмей, жанталасып 8-де келіп, қыздармен кеңесіп, қандай өлең айтамыз, дайындалып, келіп қалдық. 82-ге келсем де, бүгін келмеймін, кісі шақырып, үйде дауыс беремін деп отыр едім. Жоқ, өз қолыммен салайын деп келдім.
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Сөз соңында айта кетейін, аймақта 581 учаске бар. Оның 98-і Петропавл қаласында болса, қалғаны аудан, ауылды жерлерде. Әзір еш заңбұзышылық тіркелген жоқ. Шара асқан ұйымшылдықпен өтуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #референдум #референдум2026