(без названия)

Қасым-Жомарт Тоқаев: Конституция – тарихи құжат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Айзат Тұрғынбекқызы, тілші:
— Мемлекет басшысы бүгін осы біз тұрған елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде дауыс берді. Президент бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті. Мұнан соң, конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепіл беретін құжат. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Бұл құжат Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді қорғайтын басты құжат. 1995 жылы қабылданған Конституцияның рөлі ерекше өте ерекше. Бірақ заман деген бір жерде тұрмайды. Жаңа Конституцияны қабылдайтын сәт келді. Сондықтан мен өзім жұмысқа кірістім. Конституция преамбуласын, басқа да нормаларды өзім жаздым.Сондықтан болашақта жақсы қызмет ететініне күмән жоқ деп айтқым келеді.

Айзат Тұрғынбекқызы, тілші:
— Президент бұл – заң мен тәртіп үстемдік құратын Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағдарланған құжат деп атап өтті. Ата заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуы тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты – осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған ең басты міндет, — деді Президент.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал