(без названия)

Референдум 2026: Қай өңірде белсенділік басым?

Халық бүгін өте белсенді. Арнамыздың деректер базасына көз жүгіртсек, көрсеткіштер жылдам өзгеріп жатыр. Және барлық өңірде оң динамика байқалады.
Сағат 18:00-дегі дерек бойынша ел азаматтарының шамамен 71 проценті өз таңдауын жасаған. Және бұл көрсеткіш мұнымен шектелмей әлі де ұлғая түсуі мүмкін. Себебі референдум әлі аяқталған жоқ. Дауыс беруге әлі де уақыт бар.
Жекелеген өңірлерге тоқталар болсақ, соңғы сан айғақ бойынша сыр елі көш басында. Халықтың 92 пайызға жуығы дауыс берген. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы келе жатыр. Жергілікті жұрттың 83,63 проценті өз таңдауын жасап үлгеріпті. Ал үздік үштікті ақтөбеліктер түйіндеп тұр. 83,12 пайыз. Бұл өңір сағат 10-да белсенділік тізгінін ұстаған еді. Алайда сағат 14:00-де төмен түсіп қалды. Соңғы санаққа сәйкес, тағы да төмендегенін көріп отырмыз.
Бұдан кейін тізімді Түркістан, Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстары толықтырып тұр. Ал мегаполистер арасындағы бәйгеде шырайлы Шымкент қаласы оқ бойы озып тұр. Шамамен 74 пайыз. 517 мыңнан аса адам дауыс берген. Одан кейінгі орынға 56 процентпен бас қаламыз жайғасқан. Ал экономикалық орталық саналатын Алматыда азаматтардың 32 пайызы ғана дауыс берген. 370 мыңдай адам. Сонымен қорытындылай келе сағат 18:00-ге дейін 8 845 280 азамат бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал