(без названия)

Референдум 2026: 38 елден байқаушы келді

Республикалық референдумның өту барысын тиісті мамандардан бөлек, халықаралық байқаушылар да бақылады. Орталық референдум комиссиясының дерегінше, 38 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушы аккредиттеуден өтті. Бүгін 68 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы, 185 журналист жұмыс істеді. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірқатар елде шетелдегі 11 сайлау учаскесінің қызметі уақытша тоқтатылды.
Наталья Бударина, Халықаралық байқаушы /Ресей/
— Объективті түрде таңдау жасау үшін барлық жағдай жасалған, сөзсіз ауқымды жұмыс атқарылғаны көрініп тұр. Бүгін біз сайлау учаскелеріне өте көп дауыс берушінің келіп жатқанын көріп отырмыз. Атмосфера да өте жақсы: адамдарды ән-күймен қарсы алды. Әрине, бұл Қазақстан үшін маңызды күнде жақсы әрі дұрыс көңіл күй сыйлады. Әзірге ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал