(без названия)

Түркістан облысында Атазаң есімді бала дауыс беру учаскесіне барды

Шымкентте саяси науқан барысы қалай өтті? Өңірде заңбұзушылық болды ма? Дауыс берушілердің белсенділігі қалай?
Гүлдана Сейдрасул, тілші:
— Түркістан облысында Атазаң есімді жасөспірім тұрады. Төлеби ауданының тұрғыны 17 жаста. Конституция күні өмірге келген соң, ата-әжесі ақылдаса келе, балаға Атазаң деген есім қойыпты. Жасөспірім бүгін Леңгір қаласындағы №731 учаскеде таңдау жасаған әке-шешесімен еріп келді. Атазаң Дохтырхан әзірге кәмелетке толмағандықтан, дауыс беруге қатысқан жоқ. Дегенмен ол ата-анасының ел болашағына қатысты маңызды таңдауға қатысуын сырттай бақылап, дауыс беру процесімен танысты. Оның айтуынша, мұндай шараларды көру – жас ұрпақ үшін үлкен тәжірибе.

Еркебұлан Тұрғынбаев, Төлеби ауданының тұрғыны:
— Баламыз 2009 жылы 30 тамызда дүниеге келді. Бүгін өзіммен бірге референдум учаскесіне баламды алып келдім. Есімін әкеміз анамызбен ақылдасып, Атазаң деп қойғанбыз. Есімі мен болмысы елін сүйетін заңды құрметтейтін үлкен мықты азамат болуына сенім мол.

Гүлдана Сейдрасул, тілші:
— Жалпы өңірде тұрғындардың дауыс беруге қатысу белсенділігі жақсы. Референдум учаскелерінің жабылуына азғана уақыт қалса да, жұрт жұмыла дауыс беріп жатыр. Жалпы күні бойы учаскелерге келушілер легі толастар емес. Тұрғындар азаматтық жауапкершілікті сезініп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге бейжай қарамай, таңдау жасап жатыр. Байқаушылардың айтуынша, дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр. Мен түнгі 23:00-де өтетін Референдум найт арнайы шығарылымында аймақтың саяси науқанға қатысуын қорытындылаймын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал