Еліміздің солтүстігінде студенттер мен оқытушылар, референдумға ұлттық киіммен барды. Таңдау жасағандардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіледі. Самат сіз таңғы жетіден бері референдум учаскелерінен ақпарат таратып келесіз. Ауылдық жерлерге де бардыңыз. Өңірдегі саяси науқанға қысқаша шолу жасап берсеңіз.
Самат Қайырденұлы, тілші:
— Міне учаскелердің жабылуына да санаулы минуттар қалды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары референдумға белсенді қатысты. Әсіресе ауылды жерлерде мерекелік көңіл-күй сезілді. Сондай-ақ Петропавлда студенттер бұл күнге ерекше дайындалған. Олар учаскеге ұлттық киім киіп келді. Айтуларынша, алда Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз келе жатыр. Жалпы облыста 4 мыңнан астам адам бүгін алғаш рет дауыс берді.
Ханбибі Шора, СТУДЕНТ:
— Мен өзім Түркістан облысы, Келес ауданының тумасымын. Қазір осы Петропавл қаласында оқып жатырмын. 4-курста. Мен бұл университетті «Серпін» бағдарламасы арқылы таңдадым. Барлығымыз ұлттық киім киіп келдік. Ондағы мақсат өзімізді ерекше қырынан көрсеткіміз келді. Оның үстіне қазір міне наурыз мерекесі келе жатыр. Сондықтан бұл бастаманы мұндағылар бірауыздан қолдады.
Самат Қайырденұлы, тілші:
— Солтүстік Қазақстан облысында 364 мыңнан астам адам таңдау жасау құқығына ие. Дені азаматтық парызын орындады. Оксана, мен енді келесі 23:00-де болатын арнайы шығарылымға дайындалайын. Сол кезде жалпы аймақта саяси науқан қалай өткеніне шолу жасаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.