Қазмедиа орталығында «Референдум-2026» онлайн марафоны өтіп жатқанын айта кетейік. Таңғы тоғызда басталған ауқымды шара түнгі бірге дейін жалғасады. Наурызнама онкүндігі аясындағы марафонда қоғамдағы өзекті тақырыптар талқылануда. Инновациялық бастамалар да таныстырылуда. Дәл қазір режиссерлер осы шара барысын экранға шығарды. Көріп тұрғандарыңыздай, онда саяси қайраткерлер, танымал азаматтар, әр саланың майталмандары ой бөлісіп жатыр.
Индира Рыстина, ЕҰУ проректоры:
— Әрине, білім беру қатып қалған және өмір бойы өзгермейтін сала емес. Бұл динамикалық сала. Қай бағытты алып қарасақ та, барлығы да өзгермелі. Әсіресе, бүгінгі күні біздің әлем трансформацияланып жатқан кезде, түрлі дағдылар өзгеріп жатқан кезде Жасанды интелллект сияқты күрделі технологиялар шыққан кезде, білім саласы да, білім беру саласы да міндетті түрде өзгеруі керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.