(без названия)

Референдум 2026: Алдын ала қорытынды жарияланды

Гүлвира Сейтен Орталық референдум комиссиясының және ондағы БАҚ өкілдерінің жұмысына тоқталады. Ол күні бойы сол жақта болып, әр қала мен өңірдің дауыс беру белсенділігі жайлы мәліметтерге қанықты.
Гүлвира Сейтен, тілші:
— Иә, бүгін әбден қарбалас күн болды. Сонымен ел аумағында дауыс беру аяқталды. Қазір барлық аумақтық комиссиялар бюллетеньді санап жатыр. Ереже бойынша, дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауы тиiс. Кешкі сағат 9-да Орталық референдум комиссиясы өңірлер бойынша сайлаушылардың алдын ала қорытындасын жариялады. Нәтижесі мынадай:

Мұхтар Ерман, орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары:
— Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.
Қазақстан аумағында дауыс беру аяқталғанымен, шетелдегі учаскелерде процесс әлі жалғасып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Астана уақытымен кешкі 9-ға қарай шетелдегі 14 учаске жұмысын аяқтап, онда 9 мыңнан астам азамат дауыс берді. Ал түн ортасына дейін тағы 64 учаске жабылады. Ең соңғысы ертең таңертең Сан-Францискода жабылады. Сондықтан ол жақтағы соңғы мәліметтер ертең ғана белгілі болады. Референдумның алдын ала нәтижесі де ертең жариялануы мүмкін. Ал түпкілікті қорытынды 21 наурызға дейін белгілі болуы тиіс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал