(без названия)

Жаңа Конституция жобасы қалай әзірленді?

Әріптесім Диана Орынтай жаңа Конституция жобасын әзірлеу, талқылау барысында қандай ұсыныс айтылып, пікірталас болғанына тоқталады. Жалпы Конституциялық комиссияның алдында арнайы міндет тұрды. Ретретімен еске түсірейік.
Жаңа Конституция туралы бастама 2026 жылдың 20 қаңтарында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылды. Сол жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік жүйесін реформалау, парламентті қайта құру және жаңа Конституция қажет екені туралы маңызды мәлімдемелер жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз шын мәнінде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз.
21 қаңтар – Конституциялық комиссия ресми құрылды. Дәл осы күні Президент арнайы жарлыққа қол қойды. Комиссия құрамына: депутаттар, заңгерлер мен конституциялық құқық саласының сарапшылары, қоғам қайраткерлері, саяси партия өкілдері кірді. Алғашқы отырыс 24 қаңтар онлайн тікелей көрсетілді.
Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік кеңесшісі:
— Жұмыс тобының бұған қатысты ұсыныстарын мемлекет басшысы Құрылтайда айтып өтті. Бір палаталы Парламент үлгісіне көшуге байланысты заң шығарушы органның рөлін күшейту кезінде тежемелік тепе-теңдік жүйесін қамтамасыз ету өте маңызды.
Конституция 84% дейін жаңартылып, жаңа преамбула, бөлімдер және баптар ұсынылды.
Эльвира Әзімова, конституциялық соттың төрағасы:
Қазіргі уақытта жұмыс тобының мүшелерінен бөлек азаматтардан 2000-нан астам ұсыныс келіп түскенін ерекше атап өткен жөн. Кеңейтілген құрамдағы Конституциялық комиссияның құрылуы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың қисынды жалғасы.
Парламенттік реформаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылдың қазан айынан бері белсенді жұмыс атқарды. Жұмыс тобы азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды қабылдап, жан-жақты талдады. Осылайша Президент республикалық референдумды 15 наурызда өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Конституциялық комиссия соңғы жоба нұсқасын 12 ақпанда көпшілікке жариялады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал