Батыс жұрты да азаматтық көзқарасын білдірді. Бүгінгі науқанның өту барысына осы өңірдегі тілшіміз Ақболат Мұстажапұлы шолу жасайды.
Ақболат Мұстажапұлы, тілші:
— Таңғы 7-де аймақтағы референдум комиссиялары бір уақытта өз жұмыстарын бастады. Барлық учаскелерде тұрғындардың белсенділігін байқадық. Олар еліміз үшін тарихи кезеңге қадам басар сәтке барлық сән-салтанатымен келіпті. Ал референдумның өту барысын байқаушылар бақылап отырды.
Облыста барлығы 446.391 адам қатысу құқығына ие болса, солардың 4089-ы алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алған жастар. Олар: біз үшін ел ертеңінің – жарқын, болашағымыздың – баянды болғаны маңызды. Сол үшін де өз таңдауымызды жасадық, — дейді.
Аяулым Батырғалиева, алғаш дауыс беруші:
— Бүгін мен үшін өте ерекше күн. Өйткені мен бүгін 18 жасқа толып, алғаш рет референдумда өзімнің дауысымды бергелі отырмын. Бұл әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімге өзімнің дауысымды беріп, азаматтық борышымды өтегеніме өте қатты қуаныштымын.
13 сағат бойы өңірдегі 489 референдум учаскесі дамылсыз жұмыс істеді. Басты мақсат — азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету. Референдум еліміздің батысында өтті деуге толық негіз бар, — дейді комиссия мүшесі.
Асыланбек Ғұбашев, аумақтық референдум комиссиясының мүшесі:
— Референдум қарсаңында жүргізілген қоғамдық сауалнамалар өңір халқының жалпы референдум туралы жақсы хабардар екендігін көрсетті. Ол тек хабардар болуымен ғана шектелмейді, ол деген ең бастысы дауыс берумен бағаланатыны белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда өңір халқы белсенді болды деген ойдамын.
Ақболат Мұстажапұлы, тілші:
— Санаулы сағат бұрын барлық учаске жұмысын аяқтады. Белгіленген уақытта аумақтық референдум комиссиясына арыз-шағым түспеген. Бастысы, бірлескен, бірге жасалған істің негізі, болашақта өзінің айқын көрінісін тауып, еліміздің дамуына ықпал етеді деген ойдамыз, — дейді өңір тұрғындары.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.