(без названия)

СҚО жастары референдумда белсенділік танытты

Солтүстік өңірде алдыңғы буын өкілдері белсенділік танытып, жастарға үлкен үлгі көрсетті. Жастар аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, азаматтық көзқарасын білдірді. Осы өңірдегі тілшіміз Самат Қайырденұлы таңнан кешке дейін тыным таппай, референдум учаскелеріне барып, саяси науқанның өту барысын бақылады.
Самат Қайырденұлы, тілші:
— Ел үшін маңызды күні өңір тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, асқан жауапкершілік танытты. Әсіресе ауыл азаматтары естен кетпес әсер қалдырды. Олай дейтініміз, референдумға ерекше образбен келгендер де болды. Мәселен, Тайынша ауданының тұрғындары дауыс беру орнына батырдың киімін киіп барған. Осылайша олар, көпшіліктің көңілінен шықты. Ал, Петропавлда жастар жағы саяси науқанда Ұлттық киімді ұлықтады. Студенттері қазақша стиль таңдаған.
Ханбибі Шора, студент:
— Барлығымыз ұлттық киім киіп келдік. Ондағы мақсат — өзімізді ерекше қырынан көрсеткіміз келді. Оның үстіне, қазір міне наурыз мерекесі келе жатыр. Сондықтан бұл бастаманы мұндағылар бірауыздан қолдады.
Самат Қайырденұлы, тілші:
— Қала іргесіндегі Бескөл ауылында аға буын өкілдері дауыс беру орнында жұртшылыққа тосын сый жасады. Олар таңдау жасауға келгендерді ерекше күтіп алып, ән-мен жырдан шашу шашты.
Ал өңірде дауыс беруді бірінші болып, әскерилер аяқтады. Таңда учаске ашылғаннан кейін, айналасы екі сағатқа жетпей Ұлттық Ұлан академиясының курсанттары туған елдің тағдырына бей-жай қарамайтындарын кезекті мәрте айғақтады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал