(без названия)

Елордалықтар референдумда қалай дауыс берді?

Әріптесім, Инара Барсақбаева дауыс беру учаскелерінің жабылуы және бюллетень жәшігін ашу барысына куә болған еді.
Инара Барсақбаева, тілші:
— Бүгінгі референдум ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі ретінде есте қалары сөзсіз. Сағат кешкі сегізде барлық сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санау жұмыстарына кірісті. Жалпы елордада бүгін 500-ге жуық сайлау учаскесі жұмыс істеді. Күні бойы біз солардың бірнешеуінде болып, дауыс беру барысын бақыладық. Барлық жерде сайлаушылар белсенді болды. Аға буын өкілдерімен қатар жастар да сайлау учаскелеріне барып, азаматтық көзқарасын білдірді. Жұртшылық бұл күнді ерекше жауапкершілікпен әрі мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Таңдау жасаған тұрғындардың пікрін тыңдауды ұсынамын.

Айбарыс Қошқарәли, қала тұрғыны:
— Референдум маңызды іс шара болғандықтан кейін барыншы жұмыстарымды жылжытып, кешке қарай үлгеріп кетейін дегенмін келіп, сондықтан келдім дауыс беруге.
Инара Барсақбаева, тілші:
— Кейбір учаскелерде кәмелет жасына толып, алғаш рет дауыс беруге қатысқан азаматтарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бүгін рефендуммен тұспа тұс туған күнін атап өткен азаматтар да назардан тыс қалмады. Оларға сыйлықтар берілді. Жалпы, референдумның өту барысын тәуелсіз байқаушылар да күні бойы жіті бақылап отырды. Сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалып, тұрғындар ел болашағы үшін маңызды құжаттың қабылдануына атсалысты.
Бану Шәмші, байқаушы:
— Таңғы 6-дан бері осындамыз. Учаске ашылғаннан бері ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Жасырын дауыс беретін кабиналардың бәрі тиісті түрде қамтамасыз етілген. Біздің бақылауымыз бойынша сайлау учаскенің жағдайы дауыс берушілерге толықтай сай.

Инара Барсақбаева, тілші:
— Жұмысым қауырт болса да, күн барысында мен де таңдауымды жасадым. Өйткені бұл әр азаматтың отан алдындағы борышы, асыл мұраты деп білемін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал