Елордада ұлттық дәстүр жаңғырып, жұртшылық Көрісу күні – Амал мерекесін атап өтті. 14 наурызда өтетін бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасатын, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды ақ тілектермен бастайтын игі дәстүр.
Астана жұрты демалыста «Ататүрік» саябағына ағылды. Ұлттық киім киген тұрғындар мен қала қонақтары бір-бірімен көрісіп, «Бір жасыңмен!» деп құттықтады. Дәстүрге сай үлкендерге сәлем беріліп, ақсақалдар бата жасап, жұртшылыққа ақ тілегін арнады.
АСХАТ МАЕМИРОВ, МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
– 500-ден астам мәдениет қызметкері бір жылды артқа тастадық, бір жасың құтты болсын, бір жасыңмен! «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын» деп Наурыз мерекесін ресми түрде тойлап бастап жатыр.
ЗКТ: Сахнада өнерпаздар халық әндерін орындады. Жиылған жұрт ойын-сауыққа қатысып, алтыбақан жанында ән айтты. Қалалық музейлер қазақтың ұлттық тағамдарын көрмеге шығарып, қолөнер шеберлері жәрмеңке өткізді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.