Еліміздегі конституциялық референдумға сайлаушылардың 73,12 пайызы қатысып, саяси науқан ресми түрде өтті деп танылды. ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары 200-ге жуық учаскені аралап, дауыс беру үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын жоғары бағалады. Халықаралық миссия өкілдері референдумның ұйымдастырылу деңгейіне оң талдау жасап, процестің халықаралық стандарттарға сай өткенін атап өтті. Нәтижесінде дауыс бергендердің басым көпшілігі, яғни 87,15 пайызы (7 млн 954 мың адам) жаңа Конституцияны қолдап, ел болашағы үшін таңдау жасады. Өңірлер арасында Қызылорда облысы 93,04 пайыздық көрсеткішпен ең жоғары белсенділік танытса, Алматы қаласында сайлаушылардың 33,43 пайызы дауыс берді.
ДМИТРИЙ КОБИЦКИЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ:
— Біз дауыс санау процесін бақыладық. Бюллетеньдердің қалай саналып жатқанын жақыннан көрдік. Комиссия жұмысына қатысты ешқандай ескерту болған жоқ.
ИГОРЬ ПЕТРИШЕНКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ:
— Біздің байқаушылар Астанада ғана емес, тоғыз өңірде және шетелдегі учаскелерде де жұмыс істеді. Жалпы 750-ден астам учаскеге бардық. Дауыс беру басталған сәттен бастап бюллетень алу мен дауыс беру процесін толық бақыладық. Заңбұзушылықтар тіркелмеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.