Шығыс Қазақстан облысында өзен мұзын жару жұмыстары жүріп, су арналары тазартылуда. Кеше құтқарушылар мен жарғыш мамандар осылайша Шемонаиха ауданындағы Үлбі өзенін мұз құрсауынан босатты. Арнайы жарылғыш заттар өзен арнасының бойына орналастырылып, бір мезетте 10 мың шаршы метрден астам мұз уатылды. Осындай жұмыстар таулы аймақтарда – Күршім және Үлкен Нарын аудандарында да жүргізіледі. Қазіргі таңда өңірдегі 70-тен астам елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Өзен жағалауындағы аудандарда 8 мыңнан астам шығысқазақстандық тұрады. Сондықтан құтқарушылар бөгеттер мен дамбаларды әуеден бақылауды жалғастырып жатыр. Сонымен қатар қардың еру процесі де мұқият қадағаланып отыр.
АМАНГЕЛДІ ЕҢСЕГЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Тек мұз жарып қана қоймай, әуеден бақылау жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз. Яғни тікұшақ арқылы су тасқыны қаупі бар учаскені анықтаймыз. Алдын алу шаралары қабылданып, дайындық толығымен жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.