Астанада әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты сот басталды

Астанада бірге тұрып жатқан әйелді өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Қайғылы оқиға былтыр жазда болған. Полиция мәліметінше, ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйелге пышақ сұққан. Артынша тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кетіп, аулада тұрған көліктің үстіне құлап аман қалған. Күдікті денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмады. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, күдікті психикалық дертке шалдыққан. Айта кетейік, қаза тапқан келіншектің артында кәмелет жасына толмаған екі баласы қалды.
АЛУА САЙДАЛЛИНА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
— Сіңлімді енді қайтарып әкеле алмаймыз. Сондықтан қылмыс жасаған адам міндетті түрде ең ауыр жазасын алуға тиіс. Біз істі қайта сараптамадан өткізуді талап етеміз. Сараптама әділ әрі жан-жақты жүргізіліп, істің барлық мән-жайын және күдіктінің мінездемесін толық көрсетуі керек. Бұл – аса қатыгездікпен жасалған қылмыс. Сондықтан күдікті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы тиіс деп санаймыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал