Алматы полицейлері бұрынғы әнші Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр. Басында күш қолданды деген әйел ұрып-соққанын жоққа шығарып, отбасылық келіспеушілік бойынша арызданған. Іс тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, бұған дейін де Рахат Тұрлыханов жұбайымен болған жанжал үшін жауапкершілікке тартылып, он тәулікке қамалған болатын.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Тексеру барысында әйел адам бастапқыда өзіне күш қолданылғанын хабарлаған. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз түсірген. Қарау нәтижесінде ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 71-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.