Блогер Жанабыловтар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Астанада Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты негізгі сот отырысы жалғасып жатыр. Оларға «заңсыз кәсіпкерлік» және «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» бабы бойынша айып тағылды. Айыпталушылар онлайн-курс сатуды желеу етіп, іс жүзінде адамды автокөлік пен басқа да бағалы сыйлықтар ұтысына тартқан. Сонымен қатар ойын ережелері мен жеңімпазды анықтау тәртібі жарияланбаған. Тергеу мәліметінше, жобаға байланысты шотқа 240 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Сот отырысы кезінде судья айыпталушылардан кінәсін мойындайтынын немесе мойындамайтынын сұрады. Ерболат Жанабылов әзірге жауап беруден бас тартатынын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін блогерлер үйқамақта болған еді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.