Жамбыл облысында қарауыл бастығы кездейсоқ атылған оқтан қаза тапты

Жамбыл облысында қарауыл бастығы кездейсоқ атылған оқтан қаза тапты. Оқиға 21742 әскери бөлімінде болған. Зардап шеккен адам ауыр халде Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Оқ атқан күдікті – Қорғаныс министрлігі ведомстволық күзетінің азаматтық, ерікті, жалдамалы қызметкері. Тергеу басталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал