«Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтарының ойыны басталды

Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтарының ойыны басталды. Билет алдын ала түгел сатылып кеткен. Әлеуметтік желіде жанкүйерлердің агрессивті әрекеттері түсірілген кадр тарап жатыр. Қазір стадион маңында қауіпсіздік күшейтілген. Қоғамдық тәртіпті бақылауға қосымша құқық қорғау қызметкерлері жұмылдырылды. Полиция кез келген арандату, төбелес немесе бұзақылық әрекеттер қатаң түрде тоқтатылып, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
АЙДЫН ҚАБДУЛДИНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:
— Матч өтетін стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Ойын өтетін бүкіл аумақ тұрақты бақылауда болады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекет дереу тоқтатылады. Агрессия, арандату, балағат сөздер айту, бейәдеп лексика қолдану, бұзақылық әрекеттерге сондай-ақ, тыйым салынған заттарды алып келуге жол берілмейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал