Елордада Tartys Fest ұлттық спорт фестивалі өтті

Елордада Tartys Fest ұлттық спорт фестивалі өтті. Ауқымды іс-шара азаматтар арасында ұлттық ойындарды дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Жарысқа кәсіби спортшылармен бірге қала тұрғындары да белсенді қатысты.

Жарыс былтырдан бастап өткізіліп келеді. Ол үшін әртүрлі федерацияның спортшылары жұмылдырылған. Десе де фестивальге кез келген адамның қатысуына мүмкіндік берілді. Мәселен, астаналықтар арқан тартыс, жасанды интеллект элементтері қолданылған турникке тартылу, қой көтеру және тоғызқұмалақ сайыстарында сынға түсті. Соның бірі жеті жастағы – Қасым Ернатұлы.

ҚАСЫМ ЕРНАТҰЛЫ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АСТАНА ЧЕМПИОНЫ:
— Мен екінші сыныпта оқимын, жасым сегізде. Жасанды интеллектімен ойнадым. Ол мықты ойнады, бірақ беріспей ойнадым. Адам өз білімімен, күшімен мықты болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және қала тұрғындарының бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасау. Айта кетейік, бұл шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал