Қостанайлық оқушы әлеуметтік желіде қоғамдық көліктерге арналған аккаунт ашып, көптің көңілінен шықты. Нұралы Бейсембек автобус паркінің техникалық жағдайын жақсы біледі. Тіпті ол жаңа маршруттар ойлап тапқан. Жас блогердің мұндай бастамасына қала тұрғындарымен билігі қолдау білдіріп отыр.
Нұралы Бейсембекті Қостанайдағы автобус жүргізушілері жақсы біледі. 12 жастағы бала қоғамдық көлікпен жүргенді ұнатады. Мектепке автобуспен барады. Жол бойы салонның тазалығын қадағалап, барлығын әлеуметтік желіге жүктейді. Әр жазбасы бірнеше мың қаралым жинайды. Әрі ол әлеуметтік желіде жаңа маршруттар ашуды ұсынып отыр.
НҰРАЛЫ БЕЙСЕМБЕК, ОҚУШЫ:
— Мен – «КСК», ал анам «Береке» ауданында тұрады. Әжем екеуміз онда бару үшін екі автобусқа мінеміз. Бұл қарт адамға қиын. Әрі екі есе шығын. Сондықтан бұл бағытқа жаңа маршрут ашқан жақсы.
Осылайша Нұралы №6 бағытқа және КСК мен Триатлон паркін байланыстыратын №28 маршрутты ашуды ұсынып отыр. Айта кетейік, қалада бұл паркке әзір бірде-бір автобус қатынамайды. Жас блогер идеясын әкімдіктегілерге айтқан. Билік бұл бастаманы қолдай жөнелген.
НҰРАЛЫ БЕЙСЕМБЕК, ОҚУШЫ:
— Болашақта осы салада жұмыс істеп, басшы болғым келеді. Өз автобус паркімді ашуды қалаймын. Мен Mercedes, MAN, Yutong сияқты автобустар сатып алар едім.
Жас блогер зейнеткерлердің қоғамдық көлікте тегін жүріп-тұрса екен деген арманы барын жасырмайды. Сондай-ақ қарбалас уақытта жүктемені азайту үшін жолға үлкен автобустардың шыққанын қалайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.