7 954 667 адам жаңа Конституцияны қолдаймын деп дауыс берді. Бұл – жалпы электораттың 87,15%-і. Референдумның соңғы әрі нақты сандарын орталық референдум комиссиясы брифингте жариялады. Конституцияны қолдаймын деп жауап берген жұрттың ең көбі, 919 мың адам, Түркістан облысында тұрады. Содан кейінгі орындарда 591 мың дауыс берушімен Алматы облысы, 569 мыңнан астам дауыспен Жамбыл облысы тұр. Осылайша, дауыс беруге құқығы бар 12 миллионнан астам азаматтың 73 пайыздан көбі референдумға қатысқандықтан, референдум өтті деп танылды.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.