Қазақстанның көк байрағы әлем бойынша ең әдемі ту деп танылды. Халықаралық Reddit компаниясы плей-офф форматында тулардың үлкен турнирін өткізді. Платформада мемлекеттік рәміздің дизайны сарапқа салынды. Интернет арқылы түрлі мемлекеттің тулары салыстырылып, жасалу үлгісі мен кескін-келбетіне назар аударылды. Нәтижесінде, еліміздің көк байрағы ең көп дауыс жинап, бірінші орынға шықты. Кирибати туы екінші орыннан көрінді. Ал үздік үштікті Бутанның байрағы түйіндеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.