Атырауда 62 жастағы тұрғын әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Қайғылы жағдай ерлі-зайыптының пәтерінде болған. Әйел адам пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұм қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Әзірге екеуара жанжалға не себеп болғаны белгісіз. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— 16 наурыз күні шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.