Солтүстікте су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Еліміздің солтүстігінде су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары басталды.
Жауапты мамандардың айтуынша, бұл шаруалар апта соңына дейін жалғасады. Ол үшін бірнеше аудан мен Петропавл қаласы аумағында 41 учаске таңдалған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 83 млн теңге бөлінді. Соңғы бірнеше күннен бері өңірде жылы. Егер қар күрт еріп, жаңбыр жауса, қарғын су мұздың үстімен сырғып ағып, ауылдарға жайылуы мүмкін. Сондықтан көрші Ақмола облысынан инженерлер тартылды. Жалпы, аймақта қауіп жоғары 100-ден астам ауыл бақылауға алынды.
ДӘУРЕН ТАУБАЕВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Бөгет нығайту жұмыстары қалпына келтірілді. Қазіргі басқа облыстардан керек болған жағдайда әкелінетін күш-құралдар дайындалып қойды. Бүгінде облыс бойынша 2225 адам әзірлікке келді. Су басу қаупі бар 112 елді мекен бар. Оның барлығы қатаң бақылауда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал