Ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдетілді

Ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдетілді. Енді жол ақысын төлеуге қосымша уақыт беріледі. Көлік министрлігі жүргізушілерге осындай жеңілдік жасап отыр. Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар ақылы жолға 30 күн ішінде төлем жасай алады. Ал заңды тұлғалар үшін талап бөлек. Олар жол ақысын есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін өтеуге тиіс. Егер төлем осы мерзімде жасалмаса, құжаттар құзырлы органдарға жіберіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал