Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ел ішін аралауға ниетті қауым үшін жағымды жаңалық. Отандық әуе компаниялары ішкі рейсті көбейтпек. Айталық, 16-29 наурыз аралығында сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс іске қосылады. Оның 80-і Астана мен Алматы арасындағы бағыт. Сондай-ақ Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша ұшақ қатынайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.