Елімізде доллар арзандап жатыр. Бүгін қор биржасында АҚШ валютасының бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді. Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар шамамен 485 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу бағасы 478-479 теңге аралығында. Сарапшылардың пікірінше, бұған әлемдік мұнай бағасының өсуі мен базалық мөлшерлеменің жоғарылауы әсер еткен. Дегенмен мамандар бұл үрдіс ұзаққа созылмайтынын айтады. Олардың болжамынша, доллар бағамы шамамен бір ай көлемінде осы деңгейде сақталады. Кейін тағы қымбаттауы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.