Елордада бір мезетте 18 мың бала асық ойнады

Елордада бір мезетте 18 мың бала асық ойнады. Ұлттық спорт күніне орай өткен шара аясында «Алтын сақа» флэшмобы да ұйымдастырылды. Осылайша Наурызнама онкүндігінде ұлттық спорт ерекше форматта насихатталды.
ДИАНА ОРЫНТАЙ, ТІЛШІ:
— Елордада ұлттық ойын жаңа форматта дәріптелді. 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнап, ауқымды мәдени-спорттық шараға қатысты. Негізгі алаң – Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Мұнда «Алтын сақа» флэшмобы өтіп, кейін жасанды интеллектінің белгісімен қала бойынша мектептер мен балабақшаларда асық ойыны қатар басталды.

Флешмобқа қатысқан жасөспірімдер өздерінің белсенділігін танытып, бір-бірімен асық атудан жарысып, мергендіктерін де көрсетті.

Ұстаздардың айтуынша, мектеп оқушыларының асық атуға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Өйткені қазір дене шынықтыру сабағы аясында асық атудан шеберлдік сыныптары өткізіліп тұрады.

Мәдени-спорттық шараның негізгі мақсаты – ұлттық асық ойынын кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру және жас ұрпақтың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру. Бұл шара Наурызнаманың онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне арналды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал