Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚАБЫЛДАНДЫ
Елде 7 954 667 адам жаңа Конституцияны қолдаймын деп дауыс берді. Бұл – жалпы электораттың 87,15 проценті. Референдумның соңғы әрі нақты нәтижесін орталық референдум комиссиясы жариялады. Ал Ақордада жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.
КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ
Қазақстан туы әлем бойынша ең әдемі деп танылды. Халықаралық Reddit компаниясы плей-офф форматында тулардың үлкен турнирін өткізді. Платформада мемлекеттік рәміздің дизайны сарапқа салынды.
КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Атырауда ер адам әйелін пышақтап өлтірді. Күдікті қамауға алынды. Марқұм мектепте мұғалім болған. Әзірге екеуара жанжалға не себеп болғаны белгісіз. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
КИНОСТУДИЯДАҒЫ ДАУ
«Жан продакшн» тағы да жанжалдың ортасында. Киностудияның Алматы және Шымкент филиалдарына біраз ата-ананың өкпесі қара қазандай. Әрқайсысы 1,5 млн теңгеден шығындалған жұрт ақшасын даулап жатыр.
18 МЫҢ БАЛА АСЫҚ АТТЫ
Елордада бір мезетте 18 мың бала асық ойнады. Ұлттық спорт күніне орай өткен шара аясында «Алтын сақа» флэшмобы да ұйымдастырылды. Осылайша, Наурызнама онкүндігінде ұлттық спорт ерекше форматта насихатталды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.