Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады. Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің 19 пайызға жуығы сауда-саттыққа тиесілі. Салаға 1,2 триллион теңге инвестиция құйылған. Ал тауар айналымы 8,9 пайызға ұлғайып, 80,3 триллион теңгеге жеткен. Былтыр электронды сауда көлемі 3,9 триллион теңге болған. Бұл – бөлшек сауданың 15 пайызына тең. Елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Астана мен Алматы қалаларында екі ірі фулфилмент-орталық салынып жатыр. Сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауар түрлері мен қызмет көлемі 41 млрд долларға жетті. Президент ведомствоға заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, экспорттық әлеуетті нығайту, елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
— Қазіргі уақытта тауарлардың өндіріс немесе импорт кезеңінен бастап, тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық экожүйе іске асырлыуда. Министрліктің басты міндеттерінің бірі – шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту. Экспорттаушыларды қаржылай қолдау айтарлықтай кеңейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.