Өскемендегі кәсіпорындарда газ бен шаңды басу жүйесі дұрыс істемейтін қазандықтар пайдаланылған

Өскемендегі кәсіпорындарда газ бен шаңды басу жүйесі дұрыс істемейтін қазандықтар пайдаланылған. Салдарынан тұтас бір ауданды көк түтін басып, атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 4 есе артқан. Жылу стансасына жоспардан тыс экологиялық тексеріс жүргізуге, тұрғындар тарапына түскен шағым себеп болған. Заң бұзған кәсіпорынға 3,5 млн теңге айыппұл салынды. Энергетиктерге олқылықтың орнын толтыру үшін бір ай уақыт берілді. Өйтпеген жағдайда тағы да айыппұл салынады.
МЕРУЕРТ ЖАРЛЫҒАСЫМОВА, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Газдарды тазарту жүйесі дұрыс істемеген. Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде шығарындыларды азайту талаптары сақталмай келген. Тексеру нәтижесі бойынша компания өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал